Құс өсірушілер одағы "Тұрақтылық. Қорғау. Экспорт" стратегиясын іске қосуда
Қазақстан құс өсірушілер одағы (ҚҚО) отандық құс шаруашылығының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттыруға бағытталған саланы дамытудың ауқымды стратегиясының басталғанын жариялады. "Тұрақтылық. Қорғау. Экспорт" деп аталатын бұл ұзақ мерзімді жоспар жұмыртқа және ет бағыттарын қамтиды, ішкі нарық пен экспорттық әлеуетке ерекше көңіл бөлінеді.
ҚҚО мәліметінше, Қазақстанның құс шаруашылығы бірқатар бағыттар бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне жеткенімен, бағаның маусымдық ауытқуы, импортпен бәсеке және қайта өңдеу деңгейінің төмендігі сынды бірқатар қиындықтарға тап болуда. Жаңа стратегия осы сын-қатерлерге жауап ретінде қабылданып, құс өсірушілерге тұрақтылықты, мүдделерін қорғауды және даму үшін жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.
– Біздің мақсатымыз – сапалы өніммен Қазақстанды ғана емес, көршілес елдерді де қамтамасыз ете отырып, белсенді даму. Біз кез келген сын-қатерлерге төтеп бере алатын тұрақты және табысты саланы қалыптастырғымыз келеді, – деді Құс өсірушілер одағының төрағасы Қайрат Маишев.
Стратегияға сәйкес, жұмыртқа бағытында экспорт – жай ғана мүмкіндік емес, ішкі нарық толық қамтамасыз етілгендіктен, өсу үшін шешуші фактор болып табылады. Ал етті құс шаруашылығы үшін негізгі басымдық – импортты алмастыру болса, ал экспорт – маңызды ұзақ мерзімді мақсат ретінде қарастырылады.
Қазақстан құс өсірушілер одағы тұрақты ішкі өндірісті қорғау алаңы ретінде жұмыс істеуді көздеп отыр.
Жаңа стратегияны іске асыру тек ішкі нарықтағы саланың орнын нығайтуға ғана емес, сонымен қатар экспортты дамытуға да жол аша отырып, саланы тұрақты әрі бәсекеге қабілетті етуге бағытталған.

.jpeg)
Подписка на новости
Оформите подписку и будьте всегда вкурсе свежих новостей
Если у Вас есть вопрос, связанный с птицеводством в Казахстане, или же Вы хотите стать нашим партнёром, то пожалуйста заполните онлайн-форму.





.jpeg)

.jpeg)