Главная / Новости / «Ел ырысы – Еселі еңбек!»: Астанада мал шаруашылығы және ветеринария саласының үздіктері марапатталды

«Ел ырысы – Еселі еңбек!»: Астанада мал шаруашылығы және ветеринария саласының үздіктері марапатталды

calendar01.07.2026 calendar11:17

2026 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария қызметі мен мал шаруашылығы саласы қызметкерлері күніне арналған «Ел ырысы – Еселі еңбек!» атты салтанатты мерекелік іс-шара өткізді.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған бұл іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген мал шаруашылығы мен ветеринария саласының еңбеккерлері, агроөнеркәсіптік кешен өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, сала ардагерлері мен мамандары қатысты.

Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров құттықтау сөз сөйлеп, ветеринария және мал шаруашылығы қызметкерлерінің елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Іс-шара аясында өз ісіне адалдық танытып, саланың дамуына елеулі үлес қосқан үздік мамандар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды. Марапаттарды Серік Жұманғарин мен Айдарбек Сапаров салтанатты түрде табыстады.

Мерекелік шараның қорытындысы ретінде қазақстандық өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, сала қызметкерлеріне көтеріңкі көңіл күй мен ерекше мерекелік әсер сыйлады.

Бұл іс-шара ветеринария және мал шаруашылығы саласы мамандарының ерен еңбегіне көрсетілген зор құрметтің белгісі болып, олардың ел игілігі жолындағы адал қызметінің жоғары бағаланатынын тағы бір мәрте айқын көрсетті.

cock

 Ежегодный Форум Птицеводов

Оставить заявку

Союз Птицеводов Казахстана @

Создание сайтов Astana-IT