Главная / Новости / Қазақстан құс өсірушілер одағының бидай импортына тыйым салу жобасына қатысты мәлімдемесі

Қазақстан құс өсірушілер одағының бидай импортына тыйым салу жобасына қатысты мәлімдемесі

calendar11.09.2026 calendar04:36

Қазақстан құс өсірушілер одағына бұқаралық ақпарат құралдарынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алты ай мерзімге автомобиль, су және теміржол көлігі арқылы бидай әкелуге тыйым салуды, сондай-ақ құс өсіру және астық өңдеу кәсіпорындары үшін бұрын қолданылған ерекшеліктерді алып тастауды көздейтін бұйрық жобасына түсініктеме беру жөнінде көптеген сауалдар келіп түсуде https://www.instagram.com/p/Dc-pGWDDN86/?img_index=1&stkn=MWpkcDIzZmQxMjZ0bQ==. Осыған байланысты Қазақстан құс өсірушілер одағы аталған жағдайды мұқият бақылап, бұл ретте құс шаруашылығы саласына ықтимал әсерлерін талдап отырғанын хабарлайды.


Құс шаруашылығы – халықты әлеуметтік маңызы бар азық‑түлік тауарларымен қамтамасыз ететін АӨК‑тің негізгі салаларының бірі. Бұл өнімнің қолжетімділігін сақтау мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық‑түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған көпжақты ынтымақтастық туралы меморандум қолданыста.


Құс шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құны құрылымында астықтың үлесі 50 пайыздан асады. Экономикалық салдарын бағалау үшін Қазақстан құс өсірушілер одағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен белсенді диалог жүргізуде.


Негізгі бағыттар – құс фабрикаларын қолжетімді әрі болжамды бағамен астықпен үздіксіз қамтамасыз ету тетіктерін келісу.


Қазақстан құс өсірушілер одағы реттеуші тарапынан сындарлы көзқарасқа үміт артады және келіссөздер барысы мен қабылданған шешімдер туралы қоғамды әрі қарай хабардар ететін болады.

cock

 Ежегодный Форум Птицеводов

Оставить заявку

Союз Птицеводов Казахстана @

Создание сайтов Astana-IT