Главная / Новости / Жақсы адамды еске алу...

Жақсы адамды еске алу...

calendar09.06.2023 calendar09:01

Мұрат Құлмырзаұлы Тағаев - Қазақ мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының құрметті құс өсірушісі, Қазақстан Құс өсірушілер одағы басқармасының белсенді мүшелерінің бірі, облыстық мәслихат депутаты, "Ордабасы Құс" ЖШС бұрынғы басшысы, белгілі қоғам қайраткері, жолдас, дос 9 маусым 2023 жылы 68 жасқа толар еді.

Мұрат Құлмырзаұлы еліміздің экономикалық әл-ауқатының көтерілуіне елеулі үлес қосты. 1979 жылдан 1981 жылға дейін Маңғыстау облысының «Ақтау» құс фабрикасында зоотехник, бөлімше бригадирі, 1981-1994 жылдары Ордабасы ауданы «Бугун» бройлер құс фабрикасының бригадирі, зоолаборатория меңгерушісі, бас зоотехнигі және директоры, 1994 жылдан 2007 жылға дейін «Қайнар құс» акционерлік қоғамының Бас директоры қызметтерін абыроймен атқарған. 2007 жылдан бері «Ордабасы Құс» ЖШС-нің Бас директоры лауазымында болған. ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі.1994-2005 жылдары Ордабасы аудандық мәслихатының I-II шақырылымының, 2005-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының III-IV шақырылымының депутаты болған.

Мұрат Құлмырзаұлы тынымсыз еңбегінің арқасында көптеген марапаттар мен атақтарға ие болды. Белгілі кәсіпкер, білікті маман Мұрат Құлмырзаұлы жаны жомарт азамат ретінде талай қайырымды істің ұйытқысы болып, сол арқылы ел сүйіспеншілігіне бөленді.

Мұрат Құлмырзаұлы 2020 жылдың 29 шілде күні дүниеден өтті, отбасына, ағайын-туыстары мен ұрпақтарына, Қазақстан Құс өсірушілер Одағы  атынан қайғыларына ортақтасып, жұбату сөздерін жолдаймыз.

Көрнекті қайраткер Мұрат Құлмырзаұлы Тағаевтың жарқын жады біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!

 

Қазақстан Құс өсірушілер Одағының Президенті

Р.И. Шарипов

cock

 Ежегодный Форум Птицеводов

Оставить заявку

Союз Птицеводов Казахстана @

Создание сайтов Astana-IT