Главная / Новости / Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

calendar05.05.2023 calendar11:16

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз. Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін.

Табыстар мен сәттіліктер мол болсын!

 

Ізгі ниетпен, Қазақстан Құс өсірушілер одағының Президенті Шарипов Р.И

 

cock

 Ежегодный Форум Птицеводов

Оставить заявку

Союз Птицеводов Казахстана @

Создание сайтов Astana-IT